Прокуратура Шерзат Полаттың ісіне қатысты тың мәлімет айтты

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2195

Прокуратура Шерзаттың ісі бойынша тергеу аяқталуға жақын екенін айтты,деп хабарлайды madeniportal.kz.  

Алматы облысының прокуратурасы қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталғанын мәлімдеді.

“Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі. Сонымен қатар, К. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Гайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз”, делінген хабарламада.

Прокуратура тек ресми ақпаратқа сенуді сұрады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...