Қабылдау кезінде дәрігерді қорлаған қазақстандық 10 тәулікке қамалды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
366

Жамбыл облысының тұрғыны ауруханада қабылдау кезінде дәрігерді қорлағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Мұндай шешімді Қордай аудандық соты шығарды, деп хабарлды MadeniPortal.kz.

Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылдың маусым айында Сортөбе ауылындағы ауруханада болған. Қабылдау кезінде ер адам қызметтік міндетін атқарып отырған дәрігерді былапыт сөздермен балағаттаған.

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Алайда құқық бұзушылық фактісі іс материалдарымен, сондай-ақ жәбірленуші мен куәлардың айғақтарымен дәлелденді.

«Дәрігер сотта пациентті кешірмейтінін айтып, оған қамауға алу түріндегі жаза тағайындауды сұрады», – деп хабарлады сот.

Жаза тағайындау кезінде сот ер адамның әкімшілік жауапкершілікке алғаш рет тартылып отырғанын ескерді. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Нәтижесінде сот оны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 80-1-бабының 2-бөлігі («Медицина қызметкеріне құрметсіздік таныту») бойынша кінәлі деп танып, аталған бапта көзделген ең қатаң жаза – 10 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таиланд астанасы Бангкокта орналасқан Rong Beer Na Ladprao музыкалық бары мен түнгі клубында болған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Футболдан әлем кубогының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы ат...