Ақмола облысында ер адам жүк тиегіш көліктің астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ...
Қайрат Нұртасқа Халық әртісі атағын берер едім — Нұрлан Еспанов
коллаж: madeniportal.kz
1278
Белгілі әнші Нұрлан Еспанов кезекті сұхбатында Қайрат Нұртасты халық жақсы көретін үздік әнші ретінде айрықша атап өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оның айтуынша, Қайрат Нұртас залық жүрегінен мызғымастай орын алған және оның әр әні хитке айналып, абыройын асқақтатып отыр. Бұл сөздер аталған әншінің продюсері әрі анасы - Гүлзира Айдарбекованың көңілінен шықса керек. Ол Нұрлан Еспановты әлеуметтік желіде мақтап жазды.
"Мойындаудың өзі ерлік қой. Нұрлан інім, өзі ақ жарқын, аузын ашса жүрегі көрінетін, бәрін айта салады, риза болам. Тек Қайрошын мақтайтыны емес, жалпы сондай адам, ешкімге зияндық жасамайды, ренжітпейді де, өмірді кинодағыдай сүре біледі. Алла бақ берсін, жақсы адамым!", - деген ақжарма лебізде.