Белгілі әнші Гаухар Әлімбекованың ісі мүлдем басқа арнаға бұрылуы мүмкін. Осыған дейін әншіге алданд...
Мұғалімнен халықаралық блогерге дейін: Дастан Мұхамедрахымның дара жолы
Фото: Видеодан кадр
Мейірбек Жұмабеков YouTube арнасында трэвл блогер Дастан Мұхамедрахымнан сұхбат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Дастан Мұхамедрахым әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеймін деп мүлдеп ойламаған екен. Ол Қайрат Нұртаспен бірге әлеуметтік желіге салған видеосының өзін «менің шыңым» деп қабылдаған. Бірақ Түркияда жүрген кезінде аспаз Бурактың дәмханасына барады. Кейін желідегі парақшасына кездесуге ұсыныс тастап жазады. Түркиялық азамат дереу келісіпті.
“Басында мұғалім болып жұмыс істеп жүрдім. Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ бердім. Мен ШҚО, Тарбағатай өңірінде туып өскенмін. Мұғалім болып жүргенде мектеп директоры SMM болуымды қалады. Өзі камера алып берді. Солай мені Астанаға видеограф ретінде жұмысқа шақырды. Мұғалімдікті тастап, Астанаға кеттім. Жаңа жұмысымда дрон алып берді. Астанада дрон ұшыру өте қауіпті. Қорқып, әрең дегенде үйрендім. Бірақ ол кезде ешкім дронмен видео салмайтын еді желіге. Алғашқылардың бірі болып бастадым», - деді ол.
Блогер алғашқы миллион просмотрының 3,5 жыл бұрын басталғанын айтты. Ол үйленгеннен кейін, жұмысы алға басқанын жасырмады. Кейін оны басқа өңірлерде де жұмысқа шақырушылар жиілепті. Дастанның айтуынша, ол жаңа қабілеттің барлығын YouTube-тағы видеолардан қарап үйренген. Әр қайсы үйренген жаңа дүниесіне қуанғанын айтты.
Дастан өз қабілетін аша білгенін, бұл өмір жолындағы жетістіктеріне жақсы әсер еткенін жеткізді.
Дастан Мұхамедрахым Дубайдағы беделді Rixos қонақүйімен жарты жылдан бері келісімшартпен жұмыс жасап келеді. Тіпті оның кез-келген Rixos-қа кіруге мүмкіндігі бар екен.
Трэвл блогер байығысы келетін жастарға кеңес берді.
«Бірінші ізденіс керек. Жата берсең ештеңе болмайды. ЖИ-де дамып келеді. Оны пайдалану үшін ақша да керек емес. Интернет болса болды. Тек ізденіп, не істесем болады деп үнемі дамып отыру керек. Осылай баюдың сценарийін бұзуға болады», - дейді блогер.