Астанада 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан соңғы сапарға шығарып салынды, деп хабарлады МadeniPorta...
1-сынып оқушысына тиіскен мұғалімге жеңіл жаза тағайындалуы мүмкін
Фото: freepik
Шымкенттегі жекеменшік мектепте бірінші сынып оқушысына тиісті деп айыпталған мұғалімнің ісі сотта қаралып жатыр. Қыздың анасы тергеу кезінде таңдалған қылмыстық баппен келіспейді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мәліметке сәйкес, 36 жастағы информатика мұғалімі қызға сыныптастарының көзінше әдепсіз әрекет жасаған. Оқиға мектептің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Баланың анасы бейнежазбаны көргеннен кейін полицияға арыз берген.
Анасының айтуынша, оқиғадан соң қызы мектепке барудан қорқып, жиі жылайтын болған. Тәбеті де нашарлаған. Баланың жағдайына алаңдаған отбасы психолог көмегіне жүгінген.
Полиция істі Қылмыстық кодекстің 121-1-бабы бойынша саралаған. Алайда анасы мұғалімнің әрекетіне бұдан да ауыр бап бойынша құқықтық баға берілуі керек деп есептейді.
Істі қараған сот мұғалімнің әрекетінде ауыр қылмыс белгілері болуы мүмкін екенін көрсетіп, материалдарды тергеуге қайтарған. Кейін апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойып, істі бастапқы бап бойынша қарауға жіберген.
Берілген мәліметке қарағанда, осы бап аясында мұғалімге қоғамдық немесе түзеу жұмыстары тағайындалуы мүмкін. Баланың анасы мұндай жазаны жеткіліксіз деп санайды.