«QAITADAN»: Су тасқыны туралы түсірілген кино үш аптада 1 млрд теңге касса жиды

Фото: Кинодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1434

Қазақстандағы режиссёр Думан Еркімбектің дебюттік толықметражды «QAITADAN»  фильмі үш апта ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокатта көш бастады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Фильм – кино өндірісіне жұмсалған мемлекет қаражатынан бес есе артық табыс тапқан алғашқы жоба.

«Көрермен көзайымына айналған «QAITADAN» киносының оқиға желісі, визуалы ерекше әсер қалдырады. Бұл фильм – көркем шығарма ғана емес, шынайы сезімге негізделген, терең драмалық мазмұндағы туынды. Кино астарында қауіпсіздік, жауапкершілік пен бірлік идеясы бар, әрі жастарды достыққа, бауырмалдыққа жетелейді. Әр диалог – бүгінгі қоғамға ой салады. Фильмде отбасы институты дәріптеліп, әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік қағидаттары көрініс табады», - деп жазады министрлік.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...