Экс-депутат Мақсат Толықбай жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

Фото: Мәжіліс

ЖАҢАЛЫҚТАР
184

Бұрынғы журналист және Мәжіліс депутаты болған Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы журналист, Алматы облысының баспасөз хатшысы Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның жазуынша, экс-мәжілісмен енді Алматы облысының дамуына атсалысады. Мақсат Толықбай депутат болып жүрген кезінде де өңір туралы жиі айтып, облыстың мәселелерін көтеріп жүрген. 

«Мақсат Мәлікұлына сәттілік! Алматы облысындағы қызметі абыройлы болсын!» – деп жазды Диас Нұрақын. 

Мақсат Толықбай 2023-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алғаш рет қазақстандық ару "Миссис Еуропа" байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

Шоу-бизнес

Тележүргізуші Анна Данченко дәстүрлі әнші Алма Аманжолованың өзіне қатысты айтқан сынына жауап берді...