Ақтауда отбасылық жанжал елдің жағасын ұстатты

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2531

Желіде Ақтаудағы 20-ықшамауданда болған жаппай төбелестің видеосы жарияланды. Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Төбелестің видеосы Instagram-дағы cenzura_aktau парақшасында жарияланды. Одан бөлек, жанжалға қатысушылар көлікті тепкілеп, кейін оқиға орнынан кетіп бара жатқан көлікті қуған. Төбелес 20-шы шағын ауданда болған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысы бар күдіктілердің жеке басы анықталғанын хабарлады.

“Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан. Ведомство өкілдері төбелеске отбасылық жанжал себеп болғанын айтты.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...