Қаласақ, қызық үшін тағы бірнеше соққы жасай аламыз — Трамп

Фото: Ақ үй

ЖАҢАЛЫҚТАР
941

АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты одақтастарын аймаққа әскери кемелер жіберуге шақырды. Сонымен қатар, Иранның мұнай экспорттайтын аймақтарына соққы жасалатынын жасырмады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол Иранның басты мұнай экспорттайтын нүктелерінің бірі – Харг аралына жаңа соққылар жасалуы мүмкін екенін айтты.

Трамп NBC News телеарнасына берген сұхбатында «Қаласақ, жай ғана қызық үшін тағы бірнеше соққы жасай аламыз», – деді. Сонымен қатар ол мұнай тасымалы тоқтап қалған елдерді Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіру әрекеттеріне қосылуға шақырды.

Financial Times басылымының хабарлауынша, Еуропалық одақ елдерінің сыртқы істер министрлері аймақтағы ЕО-ның «Аспидес» атты әскери-теңіз миссиясын кеңейту мәселесін талқыламақ. Вашингтон Таяу Шығыстағы одақтастардың келіссөз бастау жөніндегі ұсынысын қабылдамаған. Ал Ислам революциясы сақшылар корпусы жексенбі күні Израильге және аймақтағы үш америкалық әскери базаға жаңа зымырандар атылғанын мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты тіркелді. Қайғылы оқиға Көкшетау - Атбасар тасжолының 16-ш...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 15 тамыз, сенбі күні Астана қаласында бола...