Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істер және құжаттаманы басқару комитеті...
«4 адам зорлап, балконнан лақтырып жіберген»: Алматы облысында 20 жастағы қыздың туыстары шындықты айтты
Сурет ашық дереккөзден алынды
Алматы облысында 6-қабаттан құлап, мерт болған Ажар Тәуекелқызының туыстары әділдікті талап етеді. Олар қайғылы оқиға болған күні пәтердің ішінде төбелес болып, қан іздері болғанын айтты, деп хабарлады Мadeniportal.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
20 жастағы келіншектің өліміне қатысты марқұмның жақындары тың деректермен бөлісті. Олардың айтуынша, қайғылы оқиға болған күні жалдамалы пәтерде айқай-шу, төбелес болған. Көршілері отбасы мүшелерінің сол күні шу шығарғанын растаған.
Ол бөлмеде екі немесе үш адам болған. Олардың қатысы болмай, ол өз-өзінен терезеден секіріп кетпейді ғой. Бөлмеде қанның ізі бар, жерде жатқан тіс бар, “төбелес болған” дейді көршілері. Қайғылы оқиға болған күні бөлмеде айқай-шу, төбелес болғанын айтты. Тергеушілер қанды оқиғаны тек суицид деп қарап, қызымның күйеуінен бөлек сол күні пәтерде болған тағы үш адамнан жауап алмаған, – деді марқұмның әкесі Тәуекел Жекебай.
Марқұм Ажар Тәуекелқызының анасы қайғылы оқиға болған күні бөлмеде бірнеше адамның болғанын, қыздарының денесінен көгерген іздердің бар екенін айтты. Ол бұл оқиғаға кінәлі адамдардың жауапқа тартылып, қызының өліміне кінәлі адамдар жазасын алып, 25 жылға дейін сотталуын талап етті.
Қызым қайғылы оқиға болатын күннің алдында “Енемнің достары біздің үйге тойлатуға келе жатыр екен. Неге өз үйлерінде емес, біздің үйге келе жатыр мама”, - деп ренішін білдірді да кетіп қалды. 4 адам қызымды зорлық-зомбылықпен өлтіріп, балконнан лақтырып жіберген. Себебі қызымның денесіндегі жарақаттарды көрдік. Қолында көгерген іздер бар. Оның суреттері бізде сақтаулы. Өз-өзіне қол салды дегенге біз сенбейміз. Қызымның өліміне кінәлі адамдар жазасын алсын, 25 жылға дейін соттасын. Қызымды қорлап өлтіріп отыр. Тергеу әділ жүріп жатқан жоқ, – деді марқұмның анасы Гүлжан Жақып.