Жамбыл облысында 15 жастағы оқушының денесі табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
32

Жамбыл облысының Байзақ ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. 15 жастағы мектеп оқушысы алған дене жарақаттарынан көз жұмды. Оқиғаға қатысы бар жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жамбыл облысы білім басқармасының мәліметінше, оқиға 3 қазан күні сағат 22:00 шамасында Байзақ ауылында болған. Кәмелетке толмағандар арасында жанжал туындап, оның барысында 2011 жылы туған жасөспірім дене жарақатын алған. Кейін ол алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болған.

Оқиғаға қатысы бар тағы бір кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Кейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап жәбірленушінің өліміне абайсызда әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді қарастырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біріккен Араб Әмірліктерінде іздеуде жүрген Қазақстанның үш азаматы ұсталып, қылмыстық жауапкершілік...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жылдан асты. Осы уақыт ішінде...