Мемлекет басшысы Роза Мұқанова мен Ақан Бижановты қабылдады

ӘДЕБИЕТ
3111

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда

Мемлекет басшысы «Ақорда» резиденциясында жазушы-драматург Роза Мұқанова мен Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ақан Бижановты қабылдады. 

Роза Мұқанова Мемлекет басшысына Қазақ ұлттық өнер университетінің жас мамандарды даярлау бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында айтты. Әңгімелесу барысында отандық драматургия мен театр өнерін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. 

Ақан Бижанов Президентке Философия, саясаттану және дінтану институтының жұмысы туралы баяндап, Қазақстан ғылымының, идеологиясы мен мәдениетінің қазіргі ахуалы мен даму перспективалары жөніндегі ой-пікірімен бөлісті. 

Сонымен қатар кездесу кезінде әл-Фарабидің 1150 және Абайдың 175 жылдық мерейтойларын өткізуге дайындық мәселелері сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды әлеуметтік-саяси жаңғырту, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру барысында әл-Фараби мен Абайдың ғылыми және рухани мұраларын негізге алудың маңызды екенін атап өтті.


author

Роза Мұқанова

ДРАМАТУРГ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбияда бортында 15 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, олардың арасында конгрессмен Дио...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...