Шымкенттегі дендросаябақта жасөспірімді пышақтап кетті (ФОТО)

ЖИ көмегімен жасалынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
506

Шымкенттегі дендросаябақта фудтрак қызметкерлері арасында жанжал шығып, салдарынан жасөспірім жарақат алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиғаның салдары түсірілген фотосуреттер әлеуметтік желіде тарап кеткен. Шымкент қаласының полиция департаменті оқиғаны растаған. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын, оның ішінде жанжалдың шығу себептерін анықтап жатырмыз», – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтаған. Сонымен қатар полиция кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін олардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесін де қарастырып жатыр.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық а...