Қамшыбек Тәшиев қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1129

Әлеуметтік желілерде Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевтің атынан жазылған мәлімдеме тарап жатыр,  деп хабарлады Madeniportal.kz.

Өз үндеуінде Қамшыбек Тәшиев бұған дейін жасалған отадан кейін денсаулығын тексерту үшін президенттің рұқсатымен шетелге кеткенін айтқан. Ол қызметінен босату туралы хабар тосын шешім болғанын мәлімдеген. Десе де Қамшыбек Тәшиев кез келген жағдайда президенттің шеімішін орындау қажет екенін жеткізген.

"Мемлекетімізге, халқымызға және президентімізге адал қызмет еттім, оны мақтан тұтамын. Жалғыз өкінетін нәрсем - жеке құраммен қоштасуға мүмкіндік берілмегені. МҰҚК-нің әрбір қызметкеріне алғысымды білдіремін және табыс тілеймін", - деп жазылған жазбада.

Еске салайық, бұған дейін Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен кеткенін жазды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...