Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен кетті

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2200

Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен кетіп, басқа лауазымға ие болды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

28 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны өзіне экономикалық мәселелер жөніндегі көмекші етіп тағайындады.

Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрлігін 2023 жылғы кыркүйектен бері басқарған. Оған дейін "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы болған.