Жәнібек Әлімханұлының даулы ісі бойынша тәртіптік тыңдаудың күні белгіленді

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
231

Федерация істің қаралуы қолданыстағы регламенттер, рәсімдік әділдік қағидаттары, кінәсіздік презумпциясы және халықаралық антидопинг стандарттары аясында қатаң түрде өтетінін атап өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рахимжан Ерденбековтің айтуынша, түпкілікті шешім шығарылғанға дейін кез келген алыпқашпа сөз бен көпшілік алдында жасалған тұжырымдар жол берілмейтін әрекет ретінде бағаланады.

«Қазақстан кәсіби бокс федерациясы спорттың тазалығын, спортшылардың құқықтарын қорғауды және федерацияның институционалдық тәуелсіздігін жүйелі түрде қорғайды. Бұдан кейінгі барлық рәсімдік қадамдар туралы ресми түрде хабарланатын болады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты анықталғаны белгілі болған еді. Осыған байланысты қазақстандық боксшының кубалық Эрисланди Лараға қарсы орта салмақта үш чемпиондық титул үшін өтуі тиіс жекпе-жегі кейінге қалдырылып, күшін жойды.

PESTEL

Таиландтың оңтүстігінде қаруланған топ жарылғыш құрылғыларды іске қосып, PTT мұнай-газ компаниясына...

Шоу-бизнес

"Меломен" тобының әншісі Ролан Қазрет "Kezdesu" подкастында тоқал алу туралы өз ойын ашық бөлісті, д...