БҚО-ның Алғабас ауылында 28 қарашаға қараған түні қысқа деп жиналған шөп өртеніп, салдарынан малдар...
"Өз еркімен полицияға келу болған жоқ": полиция Дәкебаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Қарағанды облысының полицейлері жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты деген күдікпен ұсталған ер адамның сөзін жоққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған дейін Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде күдікті Нұрболат Дәкебаевтың видеоүндеуі жарияланған еді. Видеода ол полицияға өз еркімен берілетінін, сондай-ақ, жедел жәрдем жүргізушісі, медицина қызметкелерінен және барша қазақстандықтан кешірім сұраған болатын.
Қарағанды облысының полиция департаменті оның тарапынан кінәні мойындау болмағанын хабарлады. "Іздеуде жүрген күдікті Дакибаев заңды және іс жүзінде ерікті түрде полицияға берілген жоқ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыс жасады деп күдікке ілінген адамның кінәсін мойындап өз еркімен келуі көзделген. Бұл жағдайда кінәсін мойындау және өз еркімен полицияға келу болған жоқ. Криминалдық полиция қызметкерлерімен бірқатар кешенді іс-шаралар жүргізіліп, соның нәтижесінде халықаралық іздеуде жүрген Дакебаев ұсталды. Қылмыстық істі тергеу істің барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу туралы қылмыстық заңнаманың талаптарына сәйкес жүргізіледі", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.