Қазақстанда жаңа мемлекеттік марапат енгізіледі

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
917

Қазақстанда жаңа мемлекеттік марапат енгізіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен кездесуде мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи атындағы орден қосылатынын мәлімдеді.

Орден отандық және шетелдік ғалымдарға, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлеріне беріледі. Президенттің айтуынша, бұл бастама ұлттық рухани мұраны дәріптеуге және Ясауи мұрасын әлемге танытуға бағытталған.

Қазір Қазақстанда «Алтын Қыран», «Барыс», «Құрмет» ордендері бар.