Семейлік өлкетанушылар тағы бір сенсацияны жария қылды. Шаһар маңынан табылған адам сүйегі мен оған...
Қаңтар оқиғасында резиденцияға шабуыл жасады деп айыпталғандардың бірі бостандыққа шықты
Фото: orda.kz
2022 жылдың қаңтарындағы Президент резиденциясына шабуыл жасау ісі бойынша сотталған Қосай Маханбаев 16 қазанда бостандыққа шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Сотталушылар қатарында 11 адам бар. Сот бір адамның жазасын ауырлатып, екеуінің үкімін өзгертпеді. Басқаларын 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жайлы шешім шығарған еді. Солардың бірі - Қосай Маханбаевтың бостандыққа шыққаны белгілі болды.
Түрмедегі бір күні екі күн ретінде есептелді, содан кейін Маханбаев үйқамақта болды. Бірінші инстанция соты Маханбаевты бір жыл тоғыз айға бас бостандығынан айырды, ал екінші инстанция соты бұл мерзімді бір айға қысқартып, бір жыл сегіз айға төмендетті.
«Маханбаев қазір үйінде, отбасымен бірге. Қалғандары да шығуы керек болған. Қазір басқа жақта қарбалас жүрмін. Хабарласуға мүмкіндігім болмай жатыр», — деді Төлеген Берліқожа.
Маханбаев 2022 жылғы «Қанды қаңтар» оқиғасы кезінде ұсталып, жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген еді. Кейінірек оны ауруханадан құзырлы орган қызметкерлері алып кетіп. Алматыдағы тергеу изоляторына қамады. Ол құзырлы органдар тарапынан азаптауға ұшырағанын мәлімдеді. Бірақ 2022 жылдың қазан айында Алматы прокуратурасы дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты азаптау ісін жапты.
Маханбаев әкімдік пен президент резиденциясына шабуыл ісі бойынша сотталған 11 адамның ішінде Маханбаев та кетті. Бірақ сотта кінәсін мойындамады.