Қостанайда соққыға жығылған дәрігердің жағдайы ауыр

Фото: дәрігердің жеке мұрағаты

ЖАҢАЛЫҚТАР
1561

Қостанайда соққыға жығылған дәрігер санавиациямен Астанаға жеткізілді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қостанайда науқас соққыға жыққан хирург Антон Кистановтың жағдайы ауыр. Жергілікті дәрігерлер елордалық мамандармен кеңесе отырып, оны санитарлық авиациямен Астанадағы шұғыл медициналық көмек орталығына жөнелтті.

«Науқастың шүйде сүйегі сынған, басына қан құйылған. Алғашқы көмек көрсеткен соң, телемедицина арқылы мамандардан кеңес алдық. Бүгін әріптесіміз Астанаға жеткізілді»,-дейді Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Евгений Ковалев.

Бейсенбі күні операциядан кейін қабылдауды жалғастырмақ болған дәрігерді бір науқас кезегін күткісі келмей ұрып, есінен тандырған еді. Ол бірден жансақтау бөліміне түсті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...