Қарағандыда алты жасөспірім бір қызды жабылып ұрған

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
137

Қарағандыда жасөспірім қыз соққыға жығылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алты кәмелетке толмаған жасөспірім полицияға жеткізілді, олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қарағандыда кәмелетке толмаған қызға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша іс тергеліп жатыр. Тергеуге қала тұрғынының полицияға жүгініп, қызына шабуыл жасалғанын хабарлауы себеп болған.

«Кәмелетке толмағанға қатысты заңға қайшы әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері алты кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтап, бөлімге жеткізді», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД.

Полицияның алдын ала мәліметінше, күдіктілер бұзақылық ниетпен жәбірленушіге қасақана дене жарақатын салған. Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша, жанжалдың кәмелетке толмаған бастамашылары — бозбала мен қыз — уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысқан қалған тұлғалардың әрекеттеріне тергеу аясында құқықтық баға беріледі.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды. Оқиға сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңесте қаралды. Тергеу аяқталғаннан кейін кінәлілерді арнайы білім беру ұйымына жіберу туралы шешім қабылданды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚР еңбек сіңірген әртісі Меруерт Қаратайқызы Өтекешова 75 жасқа толды,деп хабарлады MadeniPortal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен оның отандастарын Кувейт Мемлекетін...