Әлеуметтік желіде балабақшадағы баланы тепкен тәрбиешінің видеосы тарады, деп хабарлайды madeniporta...
Қарағандыда екі баланың анасы жұмбақ жағдайда көз жұмды
Фото: әлеуметтік желі
Қарағандыда 28 жастағы Динара Минбаеваның қазасына байланысты қылмыстық істі қайта қарау мәселесі көтерілді. Екі баланың анасы 2025 жылдың 3 шілдесінде күйеуімен бірге тұрған пәтерден өлі күйінде табылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалған. Алайда кейін оның өлімі суицид ретінде сараланып, іс тоқтатылған. Марқұмның туыстары тергеудің бұл қорытындысына күмән келтіріп отыр.
Динараның әпкесінің сөзінше, әйел қайтыс болардан бір күн бұрын күйеуімен жанжалдасқан. Сол кезде полиция шақырып, жұбайының өзіне күш көрсеткенін айтқан. Алайда туыстарының мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері арызды тек тіл тигізу фактісі бойынша жазуға көндірген.
Сол түні Динара анасына қоңырау шалып, күйеуінің өзін ұрып, тұншықтырғанын айтқан. Сондай-ақ балаларын алып кетуді өтінген. Анасы Шымкенттен жолға жиналғанымен, кейін қызы телефон қоңырауларына жауап бермеген.
Марқұмның жақындары оның денесінен көгерген іздер байқалғанын айтады. Бұдан бөлек, Динара қайтыс болғаннан кейін пәтердегі кілемнің жоғалып кеткенін алға тартып отыр.
Туыстары әйелдің өліміне қатысты өзге де болжамдар мұқият тексерілуі керек деп санайды. Олар Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне жүгініп, істі қайта қарауды және оқиғаға дейін пәтерге барған полиция қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беруді сұраған.