Астанада қызыл жалынның ортасында қалған 15 жастағы қызды ер адам өрттен аман алып қалды

Құтқару сәті. Видеодан кадр: instagram.com/ zhaloby__astana

ЖАҢАЛЫҚТАР
1880

Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Қызыл жалынның ортасында қалған 15 жастағы қызды ер адам өрттен аман алып қалған.

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі @zhaloby__astana парақшасында жарияланды.

Онда өрттің елордадағы Сығанақ көшесіндегі тұрғын үй кешенінде болғаны айтылған. "Полиция мен ТЖ қызметкерлері балкон арқылы кірген жігітті іздестіріп жатыр", - деді автор. 

Qazaqstan телеарнасының ақпаратынша, ер адам қорғаныш құралдарынсыз балкон арқылы өртенген пәтердің терезесінен кіріп, қыз баланы құтқарған. 
"Бүгін таңертең Сығанақ көшесіндегі 12 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. ТЖД мәліметінше, жоғарғы қабаттағы пәтерде жиһаздар мен заттар өртенген. Куәгерлер ер адамның қорғаныш құралдарынсыз балкон арқылы өртеніп жатқан пәтердің терезесіне кіріп бара жатқанын видеоға түсіріп алған", - делінген Qazaqstan телеарнасының Telegram-дағы ресми арнасында. 
Қызды құтқаруға көмектескен азамат жайында Төтенше жағдайлар министрлігі де пікір білдірді. 

“3-МӨСБ аға инженері Серік Рахимжанов және тұрғын 2009 жылы туған қызды өрттен құтқарды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген Telegram-дағы "112 KZ" арнасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...