Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
751

Экс-әкім Жақсылық Омар 6 жылға сотталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сот Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарды ірі көлемде алаяқтық жасау және пара алу бойынша кінәлі деп таныды.

Оған 6 жыл бас бостандығынан айыру, Toyota Camry 75 автокөлігін тәркілеу және мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды.
Шенеунік өз кінәсін мойындады.

2018–2024 жылдары Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды. 2025 жылдың сәуіріне дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болды. Ал 2025 жылғы 7 сәуірден бастап ұсталғанға дейін ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Шоу-бизнес

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова өз өмірі туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап отырға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматының Алмалы ауданында қайғылы жағдай болды. Полиция 40 жастағы әйелдің қаза болу мән-жайын анық...