«Жаның жәннатта болсын!»: Уәлибек Әбдірайымов тойда бата беріп сынға қалды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
163

Әзілкеш Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Желіде тараған видеода «Малой братан» лақап атымен танылған блогердің Уәлибек Әбдірайымовтан бата сұрағаны көрінеді. Сол сәтте әзілкештің жанында актер Жүсіп Ақшора да болған.

Алайда көпшілікке әзілкештің бата кезінде айтқан сөздері ұнамаған.

«Жаның жәннатта болсын. Әй, Андрей, мына қазақтың ортасында абыройың өссін. Әй, жүр. Әумин», – деген ол.

Видеоны көрген желі қолданушылары батаның мазмұнын сынға алып, пікірлерін жарыса жазды.

«Жасына жетпей алжыпты ғой», «Осылай да бата беруге бола ма?», «Екеуі де ішіп алған», «Удай мас қой», «Үлкендердің бәріне не болған?», «Қалжыңдаса да бұлай дегені дұрыс болмапты», – деп жазды олар.

Уәлибек Әбдірайымов — белгілі қазақстандық актер әрі әзілкеш, «Шаншар» әзіл-сықақ театрының негізін қалаушылардың бірі. Ол 1961 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. 1985 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

Өнер иесі 1994 жылдан бастап актер Жүсіп Ақшораевпен бірге ұйымдастырған «Шаншар» театрында қызмет етіп келеді. Әбдірайымов қазақ эстрадасы мен театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған әзілкештердің бірі ретінде танымал. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жеке тұрғын үйден шыққан ірі өрттен төрт адам ауруханаға түсті. Өрт 180 шаршы метр аумақты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда зейнетақы аннуитеті арқылы зейнет жасына жетпей-ақ өмір бойы төлем алуға болады, деп хаб...