Ипотеканың жылдық мөлшерлемесі төмендетілмек

Фото: shutterstock.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1303

Ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға төмендеуі мүмкін,  деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл бастама тұрғындардың баспана алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк тиісті қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Ұсыныстар мен пікірлер 26 наурызға дейін қабылданады, ал құжат ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң күшіне енеді.

Айта кетейік, 17 наурыздан бастап "Наурыз жұмыскер" ипотекалық бағдарламасы іске қосылады. Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер жұмыс орнын растайтын анықтаманы ұсынуы қажет. Банк қызметкерлері өтініш берушінің БСН-ін және ұйымның қызмет саласын тексереді. Ипотека тау-кен, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек ететін жұмысшыларға арналған. Дегенмен, бұл бағдарламаға тек өндірістік мамандық иелері қатыса алады, ал кеңсе қызметкерлері үшін қолжетімді емес.

Бұл өзгерістер халықтың баспанаға қолжетімділігін арттыруға және әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ. 

КИНО

2026 жылдың 15 қаңтарында Rustem Omarov YouTube-арнасында (сондай-ақ серия сипаттамасында көрсетілге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының тұрғыны аңшылық мылтықтан өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісіне оқ атқан, деп хаб...