Ақтөбеде бүтін бір аудан орталығының халқы қайықпен қатынауға мәжбүр

Фото: Ойыл әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1950

Ойыл ауданының орталығында тұрғындар өзеннан қайықпен өтіп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ойыл ауданында өзеннен өтетін өткел бұзылуына байланысты адамдар қайықпен өтіп жатыр. Қатынас уақыты - 08:00-19:00 аралығы. 

Ойыл ауданында өткел кеше бұзылды. Уақытша өткел салынғанымен, ол көпке ұзамай бұзылды.

"Ойыл өзені арқылы өтетін уақытша өткелді бұзуға байланысты көлік қатынасы тоқтатылды. Қазіргі таңда тұрғындарды қайық арқылы өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қайық арқылы өткізу таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 19:00-ға дейін жалғасады. Уақытша өткел жанында арнайы техникалар мен жергілікті атқарушы органдар, Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пункті ұйымдастырылды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...