Түркістаннан Самарқанға тікелей әуе рейсі ашылды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2854

Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында Түркістан-Самарқан бағытында алғашқы халықаралық әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды madeniportal.kz, Түркістан өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Qazaq air әуекомпаниясына тиесілі ұшақпен Түркістаннан аттанған 80-ге жуық саяхатшыны самарқандықтар ерекше салтанатпен қарсы алды.

Рейстер заманауи, жайлы De-Havilland Dash 8-Q400 әуе лайнерлерімен аптасына 2 рет, жұма және жексенбі күндері орындалады. Түркістан қаласынан жергілікті уақыт бойынша 20:20-да, ал Самарқаннан 21:20-да ұшады.

«Бірегей туристік ресурстарға ие Орталық Азия өңірі туризм саласын қарқынды дамытып келеді. Бұл тұрғыда екі ел арасында тәжірибе алмасу, туризм бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр», - делінген Түркістан өңірлік коммуникация қызметі таратқан ақпаратта.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бір ай бұрын 26 жастағы ер адамның қорасындағы газ баллон жарылған. Салдарынан оның денесінің 89%-ы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Президенті Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әл...