Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды

Фото: Жоғарғы сот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1071

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов үкімі қайта қаралатын болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Ozgeris.info сайтына сілтеп.

Бұл туралы кассациялық соттар департаменті informburo.kz сайтының сауалына жауап берді.

Қазіргі таңда қылмыстық іс сот өндірісінде қаралып жатыр. Мәліметке сәйкес, қорғаушылардың шағымы негізінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотынан Бақытжан Байжанов пен Қуандық Бишімбаев қатысты қылмыстық іс материалдары сұратылған. Кассациялық тәртіпте сот актілері Байжановқа қатысты қайта қаралады.

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев және оның қорғаушыларынан кассациялық шағым түспегені белгілі болды.

Сот отырысы 14 мамырға белгіленген. Кассациялық сатыда істі кемінде үш судьядан тұратын алқа қарайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...