Шымкентте 17 жастағы жасөспірім автобус жүргізушісін соққыға жыққан

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1061

Шымкентте автобус жүргізушісін ұрып-соққан 17 жастағы жасөспірім ұсталды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Оқиға 12 маусым күні «Бекжан» базарының маңында №52 бағыттағы автобуста болған. 34 жастағы жүргізуші Максат Жолаевтың айтуынша, ол жасөспірімнен жолақысын төлеуді сұрағанда, бала оған балағат сөздер айтқан. Кейін жасөспірім жүргізушіні сыртқа шығуға шақырған. Көшеге шыққан соң, ол басқа жолаушылармен бірге ер адамға шабуыл жасаған.

«Шықсам – үшеуі күтіп тұр екен. Біреуі басыма балғамен ұрды. Екіншісінің қолында кастет болды. Бетімнен ұрып, бетім жыртылып кетті. Содан кейін есімді жоғалттым. Одан ары не болғанын білмеймін», – дейді жүргізуші Максат Жолаев.

Жүргізуші есінен танып қалған, жедел жәрдемді аялдамада тұрған адамдар шақырған. Ер адам ауыр бас жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазіргі таңда оны жалпы палатаға ауыстырған, бірақ дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалауда.

Полиция 17 жастағы жасөспірімді ұстады. Оған қатысты «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот оған екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...