Қарағандыда жасөспірім қатарласына сіріңке лақтырып, өртеп жібермек болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1610

Оқиға үй ауласында болған. 16 жастағы жасөспірім жәбірленушіге бензинді иіскеп көруді ұсынған. Ол жәбірленуші Нұрсұлтанның шалбарына төгілген, деп хабарлайды Madeniportal.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

16 жастағы жасөспірім бензин үшін өтемақы, яғни 4 мың 500 теңге сұраған. Жәбірленуші өзінде ондай ақшаның жоғын айтқан. Сосын жасөспірім оның киіміне өрт қойған. Салдарынан 14 жастағы жасөспірім ауыр күйік алып, ауруханаға жеткізілген.

Анасы баласының мектепте де қатарластарынын қорлық көретінін айтты.

Полиция қылмыстық іс қозғаған. Күдіктінің аты-жөні анықталып, жауап алынған. Оған сот-психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды. Қорытындыны алған соң қылмыстық іс сотқа жолданады.

 

АЙМАҚТАР

«Қагидромет» РМҚ синоптиктері Қазақстанға суық антициклон жақындап келе жатқанын мәлімде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақмыс» Тобында Safety Stand Down форматындағы жұмыскерлермен өткізілген кездесулерді...