Атыраудағы трагедияға қатысты жаңа дерек пайда болды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
914

Журналист Жанат Молдашова Атырауда өтіп жатқан сот процесінен тағы бір дерек келтірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, Сұлтан Сәрсемәлиевтен жездесі қараша айында қарызға ақша сұраған. Журналист бұл жайтқа қатысты сотта толық мән берілмегенін айтады.

"Жездесі қараша айында Сәрсемәлиевтен 150 мың теңге қарызға ақша алған. Ол ақшаны SMS арқылы жазып сұраған. Бірақ мемлекеттік айыптаушы бұл SMS дәлелін куәгерден сұрамады. Тұрақты жұмысы жоқ адамнан қалай ақша сұраған?" – деді Жанат Молдашова.

Сондай-ақ журналист сол кезеңде Ақбаянның банк картасы кімнің қолында болғаны да нақты анықталуы тиіс екенін жеткізді.

Бұл дерек әлеуметтік желіде талқыланып, атышулы іске қатысты жаңа сұрақтардың туындауына себеп болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...