Елімізде “полицейлер” адамдардан ақша бопсалаған, деп хабарлайды madeniportal.kz. Шымке...
Досымен кеткен: Көкшетауда шұғыл түрде ер адам іздестіріліп жатыр
Сурет ашық дереккөзден алынды
Көкшетау қаласының 41 жастағы тұрғыны Жанболат Кенжахметовтың жоғалуына байланысты полиция оның қайда екенін анықтау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдап жатыр, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.
11 мамыр күні ер адамның қарт әкесі оның жоғалғаны туралы арыз берген.
Оның айтуынша, 8 мамыр күні шамамен сағат 14:30-да ұлы жұмыстан кейін әріптесімен бірге автокөлік қалашығына, «Рома» дүкені жаққа кеткен. Содан бері ол туралы еш хабар жоқ.
Жоғалған адамның белгілері:
- Жасы: шамамен 41-де,
- Бойы: 170–175 см,
- Шашы: қара,
- Көзі: қоңыр.
Киімі: сұр жилет, сұр шалбар, қара аяқ киім.
«Арыз түскен бойда жедел іздестіру жұмыстары басталды. Іздеуге барлық полиция бөлімшелері бағытталып, қосымша күштер жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде: туыстарынан, әріптестері мен таныстарынан сұрақ-жауап алынып жатыр, бейнебақылау камераларының (Жедел басқару орталығы, дүкендер, мектеп-интернат) жазбалары қаралуда, қонақүйлер, жекеменшік үйлер, жалдамалы пәтерлер тексерілуде, иесіз қалған және пайдаланылмайтын ғимараттар араланып, автокөлік қалашығы маңында болған куәгерлер анықталуда», – делінген полиция хабарламасында.