Бас прокуратура қазақстандықтардың Дубайдағы 97 пәтерін тексермейтін болды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
265

Бас прокуратураның активтерді қайтару қызметі қазақстандықтарға тиесілі делінген Дубайдағы 97 пәтер туралы ақпаратты тексеруге ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады  MadeniPortal.kz Politico.kz- ке сілтеме жасап.

1 наурызда Дубайдағы Fairmont The Palm элиталық тұрғын үй кешені орналасқан ауданға Ираннан ұшқан зымыран құлап, арты өртке ұласқан еді. Осы оқиғадан кейін журналист Манас Қайыртайұлы аталған қонақүй жанындағы тұрғын үйде қазақстандықтардың атына 97 пәтер рәсімделгенін жазды.

Желі қолданушылары зардап шеккен бұл баспаналар бұрынғы лауазымды тұлғаларға, соттарға, экс-министрлерге және мемлекеттік қызметкерлердің отбасы мүшелеріне тиесілі болуы мүмкін екенін қызу талқылады.
Ведомство өкілдері BES.media басылымына берген жазбаша жауабында шетелде жылжымайтын мүлікке иелік ету заң бұзушылық болып саналмайтынын жеткізді.

 Олардың мәліметінше, бұл мәселеге қатысты тілшілерден басқа ешкімнен ресми шағым түспеген.

«Уәкілетті органдар тарапынан ресми тексеру болмаса, шетелдік жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе оған иелік ету туралы жарияланған ақпаратқа құқықтық баға беру мүмкін емес», – деді прокуратура қызметкерлері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Францияда полиция әкесі бір жылдан астам уақыт фургонда ұстаған 9 жастағы баланы құтқарды, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық ба...