Түркістанда әйел адам 12 метрлік су толы құдыққа құлап кеткен

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
130

Түркістан қаласында жергілікті тұрғын тереңдігі 12 метр болатын су толы құдыққа құлап кеткен. Құтқарушылар зардап шегушіні аман-есен алып шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 9 мамыр күні Юсупов көшесіндегі жер үйлердің бірінің ауласында болған. 1976 жылы туған әйел адам белгісіз жағдайда терең құдыққа құлап кеткен.

«Шақырту орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері жедел құтқару жұмыстарын жүргізді. Зардап шегуші 12 метрлік тереңдіктен шығарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды», — деп хабарлады мекеме өкілдері. 

Тереңдігі төрт қабатты үйдің биіктігіне тең келетін құдықтан адамды шығару үшін арнайы жабдықтар қолданылды. Қазіргі уақытта зардап шегуші дәрігерлердің бақылауында. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы жеке клиникалардың біріне асқазанындағы жайсыздыққа шағымданып барған әйел күтпеген жағда...

PESTEL

Бас мінбенің бірінші қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сондай-ақ Украинадағы соғыс жауынгерл...