Қонақ үйдегі өрт: 15 адам құрықталды

Фото: freepik

Жаңалықтар
327

Түркиядағы тау шаңғысы курортында болған өрттен 78 адамның қаза табуына байланысты жүргізілген тергеу аясында 15 адам күдікті деп танылды, деп хабарлайды madeniportal.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Sabah газетінің мәліметінше, күдіктілер арасында Болу муниципалитеті мэрінің орынбасары Седат Гюленер және өрт сөндіру басқармасы басшысының орынбасары Кенан Джошкун бар. Бес күдікті сот алдына келді.

2025 жылдың 25 қаңтарында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елдің сот жүйесі бұл оқиғаның барлық қыр-сырын анықтау үшін бар күшін салып жатқанын және мүлдем күмән қалмауы үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол өртке қатысты "саяси пікірталас" жасағандарға ар-ұятқа жүгінуді шақырды.

Өрт 21 қаңтарға қараған түні Болу қаласындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы Grand Kartal қонақ үйін шарпыды. Өрт салдарынан 78 адам қаза тапты.

Жаңалықтар

Алматылық 38 жастағы келіншек күйеуі туған қызын зорлағанын айтып, шындықты ашуға журналист Руслан Ө...

Жаңалықтар

Алматыда басы дауға қалған “Ахляк” балабақшасы жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды...