Алты жыл бойы отбасылы азаматпен көңіл қосқан Шахизада өз шындығын жайып салды.Алғашқы некесі сәтсіз...
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауында дауыс берді
Фото: MadeniPortal.kz
Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, танымал эстрада әншісі Айжан Нұрмағамбетова мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, таңдау жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Айжан Нұрмағамбетованың айтуынша, әр азамат ел болашағын айқындайтын маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуы керек. Оның пікірінше, дауыс беру – азаматтық парыз ғана емес, сонымен қатар келер ұрпақтың болашағы алдындағы жауапкершіліктің көрінісі.
«Елінің болашағына бей-жай қарамайтын әрбір қазақстандық сайлауға келіп, азаматтық ұстанымын білдіруі керек. Әр адамның таңдауы маңызды. Өйткені қабылданатын шешімдер балаларымыз бен немерелеріміздің болашағымен тікелей байланысты», – деді өнер иесі.
Еске салайық, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлау барысы туралы қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.