"Ас үйге апарып білгенін істейтін": Түркістанда өгей әкесі 8 және 6 жасар қыздарды бірнеше жыл зорлап келген

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
2953

Түркістан облысында апалы-сіңлілі екі кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр қылмыс дерегі тіркелді. Өгей әке 8 және 6 жасар қыздарды бірнеше жыл зорлап келген, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Кішкентайлардың көрген қорлығы 1 ай бұрын ғана анықталған.

Оқиға белгілі болғаннан кейін жәбірленуші тарап құқық қорғау органдарына бірнеше мәрте жүгінген. Алайда тергеу баяу жүріп, әр жолы тергеуші өзгеріп отырған. 

Жәбірленуші қыздың айтуынша бұл қылмыс төрт жарым жылға созылған. Қаскөй әке жағдайды аналарыңа жеткізсеңдер, "өлтіремін" деп қорқытқан. Содан апалы-сіңілі ешкімге тіс жармаған.

"Анамыз алтыншы баласын босануға кеткенде бәрі басталды. Кейін анамыз бір жағы істемей жартылай мүгедек болып ауруханадан шығады. БІрақ ол анамыз емханадан шыққан соң да ісін жалғастыра берді. БІздің үй екі бөлмелі болды. Анамыз кішкентай қызбен қонақ бөлмеде жататын, ал ол ас үйге апарып аузымызды қатты жауып білгенін істейтін", - жәбірленуші қыздың бірі.

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 15 наурызға арналған шұғыл мәлімдеме жасады. Еліміздің басым бөлігінде көктай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

14 наурызға қараған түні Ақтауда отшашудың арты өртке ұласты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Бұл о...