Қарақат Әбілдина ұлының қашан үйленетіні туралы айтты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
529

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина тұңғышы Бекболат Болмановтың қашан үйленетіні туралы ойын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында жұбайы Қыдырәлі Болмановпен бірге қонақ болып, бұл тақырыпқа қатысты пікір білдірді.

Бағдарлама барысында көрсетілген естелік видеодан кейін әнші өткен күндерді сағынышпен еске алды.

"Естелік видеоны көріп, жылағым келді. Жастық шақ бәрібір ыстық. Бейнежазбадағы ұлым қазір отау құратын жаста", – деді Қарақат Әбілдина.

Сондай-ақ ол ұлының үйленуіне қатысты сұраққа жауап беріп, бұл шешімнің өзіне байланысты екенін атап өтті.

"Бұл сұрақты Бекболаттың өзіне қою керек. Біз дайынбыз. Жүрек деген сәті келгенде ешкімді тыңдамайды. Қашан жүрек әмір етсе, сол кезде той болады", – деді әнші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал журналист Динара Сәтжан Баян Алагөзова мен Мөлдір Әуелбекова, Балжан Бидаш арасындағы дауға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Айгүл Иманбаева бала күнінде бастан өткерген қиын сәттерін еске алып, анасының жас кезінде бірн...