Балқаштағы кафеде даяшы оқ жарақатын алды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
407

Балқаштағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасындағы сөзге келіспеушілік травматикалық қару қолданылған төбелеске ұласқан, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Балқашта келушілер арасындағы жанжал салдарынан даяшы оқ жарақатын алды, деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.

«21 мамыр күні түн ортасында Балқаш қаласындағы кафелердің бірінде таныстар арасында сөзжанжал туындап, ол травматикалық қару қолданылған төбелеске ұласқан. Оқиға салдарынан мекеме даяшысы денеге өтпеген оқ жарақатын алды», – делінген хабарламада.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталғаны хабарланды. Қазіргі уақытта күдіктілердің орналасқан жерін анықтап, оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы Қарағанды облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында &laq...

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...