Бүгін Қазақстанда алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтіп жатыр. Бұл туралы Президенттің...
"Астана" – "Ақтөбе" матчы алдында қайғылы оқиға болды
Фото: freepik
2908
"Астана" – "Ақтөбе" матчы алдында қайғылы оқиға болды. Бір адам жол апатынан қаза болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
"Астана" футбол клубының мәліметінше, таңертең елордалық команданың бір топ жанкүйері матчқа бара жатқан жолда жол апатына ұшыраған. Зардап шеккендердің бірі ауыр жарақат алып, көз жұмды. Тағы үш жанкүйер ауруханаға жатқызылды.
"Астана" мен "Ақтөбе" арасындағы ойын бір минут үнсіздікпен басталды. Клубтар Алматының Орталық стадионында футболдан Қазақстан чемпионатының 24-ші туры аясында кездесіп жатыр.