Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті болды

ЖАҢАЛЫҚТАР
4714

Қасым-Жомарт ТоқаевКонституцияның 42-бабына сай Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің бірлескен отырысында салтанатты түрде ант берді. 

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге. Қазақстан Республикасының президентінің өзіме жүктеген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», – деді Тоқаев.   

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен кейін Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды. 

Айта кетейік, 19 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеген болатын. 

Ел конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан президентінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғандықтан қалған мерзімде оның өкілеттігі парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшеді. Ол бұл қызметті жаңа президент сайланғанға дейін атқарады.

author

Нұрсұлтан Назарбаев

ҚАЙРАТКЕР

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...