Қазақстанда 18 қаңтарда қатты аяз күтіледі

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
777

РГП «Қазгидромет» болжамына сәйкес, жексенбі, 18 қаңтарда Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, солтүстік-батыста – қар, жаяу бұрқасын, елдің оңтүстігінде – қатты жауын-шашын болады, деп хабарлады  MadeniPortal.kz

Елдің қалған аумағында аязды, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман болжанады.

Түнде қатты аяз Шығыс Қазақстан облысында, Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында, Абай облысының солтүстігінде – 40 градусқа дейін, Қарағанды облысының батысы мен шығысында – 35 градусқа дейін, Жетісу облысында – 25–28 градусқа дейін, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында – 25 градусқа дейін күтіледі.

Түнде өте қатты аяз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында – 45 градусқа дейін күтіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда резонанс тудырған оқиға болды: Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйдің подъезінде ер адам қызғ...