Өзбекстанда 135 магнит моншақты жұтып қойған 2 жасар сәби аман қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz...
Қатты жауын-шашынның кесірінен 30 адам қайтыс болды
ашық дереккөз
Бразилиядағы Минас-Жерайс штатында нөсер жауын салдарынан қаза тапқандар саны 30-ға жетті. Тағы 39 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы CNN Brasil телеарнасы мәлімдеді.
Айта кетейік, толассыз жауған жаңбыр штатта су тасқыны мен көшкіндерге себеп болды. Ең көп зардап Жуис-ди-Фора және Уба қалаларында тіркелді. Шамамен 440 адам баспанасыз қалды. Сонымен қатар қираған ғимараттардың үйінділері астынан 13 тұрғын құтқарылды. Жалпы алғанда 208 зардап шегуші құтқарылып, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Бұған дейін Бразилияның вице-президенті Жералду Алкмин республика билігі зардап шеккендерді іздеу және оларға көмек көрсету үшін Қарулы күштерді, соның ішінде тікұшақтар мен әскери техниканы жұмылдырғанын хабарлаған еді.
Metrópoles порталының мәліметінше, баспанасыз қалған тұрғындарға 800 бразилиялық реал (шамамен 155 доллар) көлемінде бастапқы қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл қаражат жергілікті билікке матрас, киім-кешек және азық-түлік сатып алуға бағытталады.