Сегіз жасар бала төрт жастағы ұлды ажалдан арашалап қалды

ЖАҢАЛЫҚТАР
4879

Семейде екінші сынып оқушысы суға батып бара жатқан 4 жастағы  баланы құтқарып қалды, деп xабарлайды madeniportal.kz ҚазАқпаратқа сүйеніп.

Оқыс оқиға 19 мамыр күні түсте болған. Бір топ бала өзеннің шомылуға тыйым салынған маңына ойнауға барады. Осы кезде  4 жастағы ұл судың тереңдігін тексеріп көру үшін суға кіреді. Алайда суға құлап, өз еркімен қайтадан шыға алмай қалған. Мұны көрген 8 жастағы  Виктор Новоселов көмекке келген. Алайда өз еркімен баланы алып шығуға 8 жастағы оның күші жетпеген.  Сондықтан үлкендер келгенге дейін  қолынан ұстап тұрған.  

«Ол суға шашалып, аузынан көпіршіктер шығып, батып бара жатты. Мен ол батып кетпеу үшін қолынан ұстап өзіме қарай тартып тұрдым. Көмекке үлкендер  келіп алып шықты»,-дейді Виктор. Қазір қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшылығы Виктордың ерлігіне құрмет көрсету үшін қажетті құжаттарды реттеп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...