Өскемендегі зауытта болған жарылыс салдарынан екі жұмысшы қаза тапты

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
697

5 мамыр күні Өскемендегі «Казцинк» металлургиялық алаңы аумағында штаттан тыс жағдай орын алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, түтінсорғышты тазалау жұмыстары барысында жарылыс болып, кейін өрт шығып, құрылымдардың бір бөлігі құлаған.

«Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, бесеуі жарақат алды. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр, салдарын жою шаралары жүргізілуде. Жан-жақты әрі объективті тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Болған жағдайдың себептері мен мән-жайы тергеу қорытындысы бойынша анықталады», – деп хабарлады қазақстандық тау-кен металлургия компаниясы «Казцинк» баспасөз қызметі.

Компания қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ресми мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек пен қолдау, соның ішінде материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде өткен заманауи көшпенділер фестивалінде 70 жастағы ап...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...