Қазақ шахматшысы Грузиядағы әйелдер Гран-приінде екінші орын иеленді

Фото: womengrandprix.fide.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2700

Қазақ шахматшысы Тбилисиде өтіп жатқан Халықаралық шахмат федерациясы әйелдер Гран-приінде екінші болды, деп хабарлайды madeniportal.kz sports.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Турнир барысында Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңіп, Гран-приде көш бастады. Бірақ біздің спортшымыз ойынды 5,5 ұпаймен аяқтады - ол екі жеңіске жетіп, жеті рет тең түсті. 

Бірінші орынды Польша өкілі Алина Кашлинская иеленді - оның алты ұпайы бар. Грекиялық шахматшы Ставрула Цолакиду бес ұпаймен үшінші орын алды.

Естеріңізге сала кетейік, Бибісара Асаубаева блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы.  Ол 2021 және 2022 жылдары әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ 2021 жылы қазақ қызы жарыстың осы түрінен шахмат тарихындағы ең жас чемпион.

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна 66 жасқа қараған шағы...