Атырауда жедел-жәрдем дәрігерлері келіншекті үйінде босандырып алған. Егіздердің жағдайы жақсы

Атырауда жедел жәрдем дәрігерлері әйелді үйінде босандырып, егіз балалармен әдемі суретке түскен Фото: atpress.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2341

Атырауда жедел жәрдем қызметіне босанғалы жатқан жүкті әйелден шақырту түскен. №9 бригада шұғыл түрде оның үйіне жеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz azattyq-ruhy.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Жедел жәрдем фельдшері Эльвира Каримованың айтуынша, бригада тексеруге келгенде әйел босанып жатқан. Сондықтан фельдшерлер дереу іске кіріскен.

«Бірден әйелді босандыра бастадым. Алдымен қыз дүниеге келді, мен баланың кіндігін кескенде, босанған әйел оның егізі бар екенін айтты. Қатты абдырадым, себебі 11 жылдық тәжірибемде бірінші рет осындай жағдай болды»,-дейді Эльвира Каримова. 

Олар әйелді аман-есен босандырып алған. Жедел жәрдем егіз балаларын құшағына алған анасын дереу облыстық перзентханаға алып барған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...