«Жастар отырып алған, асаба тойды жүргізіп жатқандай»: Жұмамұрат Шәмші Шахановтың жаназасы туралы сөз етті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
776

Қоғам белсендісі, тарихшы Жұмамұрат Шәмші жақында дүниеден өткен Қазақстанның Еңбек ері, ақын Мұхтар Шаханов туралы айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы ол Qasqa Jol YouTube-арнасына сұхбат берді.

Мұхтар Шахановтың көзі тірісінде жанында жүрген қоғам белсендісі жаназа рәсіміне қатысты ойын айтты.

«Мұхтар ағамыздың жаназасына келер болсақ, қаралы жиынға барып қарным ашып келді. Жаназаны толығымен ұйымдастырған, барлық шығынды көтерген өңірдің кәсіпкері Сейітжанов деген кісі. Бірақ ығы-жығы адам, Шахановты танитыны бар танымайтыны қаншама. Көз көргендерге қарағанда толып жүрген жастар. Оларға не жоқ деген ой келді. Жаназадан кейінгі асқа жиналғанда үлкендерге орын жетпей қалды, себебі жастар отырып алған, жиынды жүргізген асаба тойды жүргізіп жатқандай әсер қалдырды. Сөз ырғағы деген мүлдем жоқ. Көріп тұрып қарның ашады. «Адам ұрпағымен мың жасайды», дейді, қаралы жиын кезінде Мұхтар ағамыздың қайтыс болған қос ұлының балаларын шығарып, жұртқа көрсету керек еді. Бірақ мұндай рәсімнің бірі де болмады, тек қыздарын ғана көпшілікке көрсетті», – деді Жұмамұрат Шәмші.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желіде өмірден мезгілсіз өткен ұлына туралы жазба жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында көшелердің бірінде автокөлік өртенді. Қызмет орнына бара жатқан СОБР қызметкерлері...