Ертіске батқан көліктен бір адамның денесі табылды

Фото: ІІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2533

Ертіске батып кеткен көліктегі бір адам аман қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ведомствоның мәлімдеуінше, бүгін таңғы сағат 06:00-де Семей қаласында Ертіс өзенінің жанындағы Бейбітшілік аралында жеңіл көлік бетон қоршауға соғылып, жарқабақтан өзенге құлап түсті. Салонда 4 адам болған. Жолаушының бірі көліктен шығып, жағаға жүзіп жетті. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Оқыс оқиға орнына шақыртумен келген ТЖМ қызметкерлері іздестіру-құтқару жұмысына кірісті. Сағат 09:00-де іздеу тобы бір адамның денесін тауып, судан алып шықты.

Қазіргі уақытта құтқару операциясына 55 құтқарушы, 5 қайық, 2 дрон, су асты эхолоты, 10 техника жұмылдырылған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...